LOADING
PREV
NEXT
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/2019.Voronezh.AJ0A2125gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/2019.OkAnu.IMG_7995gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/2019.kogamov.3gk-is-129.jpg
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/2019.milya.11gk-is-129.jpg
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/2019.8marta.16gk-is-129.jpg
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1-1DRP.Ardager.KrgPDardager.IMG_1868gk-is-129.JPG

  • Ресей ІІМ Воронеж институ...
  • Қыздар арасында пневматик...
  • Академияға іс-сапармен Қа...
  • Қарағанды қаласының ортал...
  • 8 наурыз Халықаралық әйел...
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанс...

Ресей ІІМ Воронеж институтында «Безопасность компьютерных сетей, предотвращение и расследование киберпреступлений» тақырыбындағы тренинг өтті.

2019 жылғы 18-20 ақпан ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мамандарды даярлау Ведомствоаралық оқу орталығының аға оқытушы-әдіскері полциия подполковнигі С.А.Айжанов, ИТжәнеОТҚ бөлімінің инженері полиция капиты П.Ж.Төлеуов Ресей ІІМ Воронеж институтында қызметтік

Find more

Қыздар арасында пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша әскери-спорттық жарыс өтті

2019 жылғы 6 наурызда Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Кеңес Одағының Батырлары Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованы еске алуға арналған Оқ атудан қыздар арасында әскери-спорттық

Find more

Академияға іс-сапармен Қазақстан Республикасы ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ч.Қоғамов келді.

2019 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына і- сапармен Қазақстан Республикасы ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы з.ғ.д., профессор Қоғамов Марат Чекишевич, сонымен қатар Академияның қонағы ретінде М.С.Нарықбаев

Find more

Қарағанды қаласының орталық саябағында «Президенттік миля» көпшілік жүгіру жарысы өтті.

2019 жылғы 2 наурызда Жастар жылы, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 50 жылдығы және Қарағанды қаласының 85 жылдығын тойлау аясында Қарағанды қаласының орталық саябағында «Президенттік миля» жеңіл атлетикалық

Find more

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара

2019 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының акт залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара Академия бастығы полиция половнигі А.Дәрменовтің құттықтау сөзімен

Find more

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара

2019 жылғы 14 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай Қарағанды облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарғанды академиясының қызметкерлері мен ардагерлері – отставкідегі полиция полковнигі

Find more

2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев жариялаған Жастар жылына арналған «Жастар және заманауи мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл проблемалары» атты курсанттардың(студенттердің)халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.

Толығырақ...

Хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері. Бейсенов оқулары» атты халықаралық қашықтық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Толығырақ....

  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Телефон доверия

Мы в социальных сетях