LOADING
PREV
NEXT
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1-1DRP.Diktant.DSC_6817gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1-1DRP.Nurotan.DSC_5707gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1-1DRP.Olimp.IMG-20181031-WA0023gk-is-129.jpg
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1.IMG_2957gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1-1DRP.IMG_2890gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1-2018.1-2Azamattik.DSC_5276gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1.1.saitka.DSC_0528gk-is-129.JPG

  • «Жалпыхалықтық диктант»
  • ҮЛКЕН БАСТАМА – ИГІ КЕЗДЕ...
  • Қазақстан Республикасы Ко...
  • Ерлер мен әйелдер арасынд...
  • Круглый стол на тему «Про...
  • Визит Посла по особым пор...
  • Тренинг: «Эффективная раб...

«Жалпыхалықтық диктант»

2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың төрағалығымен өткен 2018 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының

Find more

ҮЛКЕН БАСТАМА – ИГІ КЕЗДЕСУ

2018 жылғы 02 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының конференция залында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық түсіндіруге

Find more

Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері мен мелекеттік рәміздерді білуге арналған облыстық олимпиада

2018 жылғы 31 қазанында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қарағанды қаласы 6505 ә/б және Қарағанды облысы ЖОО арасында Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері мен мелекеттік рәміздерді білуге арналған олимпияда өтті. Академия

Find more

Ерлер мен әйелдер арасында Номад ММА «Азия жауынгері» тұжырымы бойынша VIII халықаралық турнир өтті.

2018 жылғы 19-22 қазан аралығында Астана қаласының «Дәулет» спорткешенінде ерлер мен әйелдер арасында Номад ММА «Азия жауынгері» тұжырымы бойынша VIII халықаралық турнир өтті. Турнирге Қазақстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Ресейдің құрама командалары

Find more

Круглый стол на тему «Проблемы защиты прав личности в стадии досудебного производства по уголовным делам» посвященный 20 летию г. Астаны

26.10.2018 г. в 15.00 часов кафедрой досудебного расследования преступлений с участием курсантов 3-4 курса факультета очного обучения Карагандинской академии МВД РК им. Б. Бейсенова, магистрантов 1 курса научно-педагогической магистратуры был

Find more

Визит Посла по особым поручениям Министерства иностранных дел Республики Казахстан

19 октября 2018 года в Карагандинской академии МВД Республики Казахстан им.Б.Бейсенова в рамках поручения заместителя Секретаря Совета Безопасности Республики Казахстан Абдымомунова А.К. Посол по особым поручениям Министерства иностранных дел Василенко

Find more

Тренинг: «Эффективная работа полиции по вопросам гендерного насилия»

В период с 3 по 5 октября 2018 года на базе Карагандинской академии МВД Республики Казахстан имени Б. Бейсенова совместно с Программой развития ООН (ПРООН) в Республики Казахстан был проведен

Find more

Хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері. Бейсенов оқулары» атты халықаралық қашықтық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Толығырақ....
  • Институттар

     

     

    Заң институтының бастығы полиция полковнигі Жақашев Дулат Сүлейменұлы тел.: 30-34-15

    Қарағанды академиясының заң институты ішкі істер органдары үшін жоғары білімді 5В030300-«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқыту нысанында білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының құрылымдық бөлінісі болып табылады.

    Заң институты өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президентінің нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Қа-зақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің өкімдері мен бұйрықтарына, Академияның Жарғысы мен заң институты Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

    Заң институты өзінің жұмысын тығыз қарым-қатынаста Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындары басқармасымен, «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бөлім секциясымен және білім беру саласында уәкілетті органдармен, Ғылыми және Әдістемелік кеңестермен, сырттай оқыту бөлімімен, оқу-әдістемелік бөлімімен, кафедралармен, мониторинг және білім беру сапасын бақылау мен оқытудың техникалық құралдар бөлімдерімен жүзеге асырады.

     

    Заң институты бастығының орынбасары, күндізгі оқыту факультетінің бастығы, з.ғ.к, доцент, полиция полковнигі Аймағанбетов Талғат Зекенұлы тел.: 8/7212/303370

    E-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

    Сырттай оқыту факультетінің бастығы, философия ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі А.Е.Қабдуев E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. тел: 87212-303389

    КҮНДІЗГІ ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІ

    Күндізгі оқыту факультеті «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ішкі істер органдары үшін жоғары біліммен білікті кадрларды дайындауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы заң институтының негізгі құрылымдық бөлінісі болып табылады.

    Күндізгі оқыту факультеті өзінің жұмысын Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындары басқармасымен, Ғылыми және Оқу-әдістемелік кеңестермен, институттармен, сырттай оқыту факультетімен, кафедралармен және Академияның бөлімдерімен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады.

    Факультеттің міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары үшін мамандарды дайындау бойынша жоғары білім берудің республикалық бағдарламасын іске асыру болып табылады.

    Факультеттің мақсаты – бұл Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары үшін жоғары білікті мамандарды дайындау.

    Күндізгі оқыту факультеті Академияның құрылымдық бөлінісі ретінде 1969 жылы КСРО ІІМ Мәскеу милиция жоғары мектебінің Алматы күндізгі-сырттай факультетінің базасында КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі құрылған күннен бастап институт кафедраларына, курстық звеноларға басшылықты жүзеге асырады.

    Күндізгі оқыту факультетін әр жылдарда педагогикалық ғылымның өкілдері және құқық саласындағы жетекші ғалымдар басқарды: С.Б. Абулгазин, Р.А.Шәріпов, Ж.А. Шалабаев, Б.М. Құрманбаев, М.А. Арыстанбеков, А.А. Тәжіғұлов.

    Қазіргі таңда күндізгі оқыту факультетін з.ғ.к. полиция подполковнигі Т.З.Аймағанбетов басқарады, әрі ол заң институты бастығының орынбасары.

    Факультетте «5В030300 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу үдерісі ұйымдастырылған, осының негізінде ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру және ІІО-ның жедел-криминалистикалық мамандандырулары бойынша оқу жұмыс жоспары әзірленді. Оқу жұмыс жоспарын құрастыруда практикалық бағытқа және оқылатын пәнге жүйелі қарауға басты назар аударылады.

    Факультетте Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын іске асыруға жоғары деңгейде көңіл аударылады. Сондай-ақ күндізгі оқыту факультетінде оқып жүрген 41 оқу топтың ішінде мемлекеттік тілде оқитындар 26 оқу тобы болып табылады.

    Күндізгі оқыту факультетінде оқу пәнін күшейтуді және курсанттардың үлгерімдерін арттыруды ынталандыратын шаралар жүйесі өңделіп, қолданылуда. «Үлгерімді бақылау туралы», «Оқу озаттар және Озаттар кеңесі туралы» ережелер әзірленді. Осы ережелерде ағымдағы және аралық аттестаттаудың барлық ережелері көрсетілді, яғни үлгерімді жоғарылату бойынша шаралар: оқу озаттарына «озат қосымшасы» беріледі, курсанттардың суреттері Озаттар тақтасына ілінеді, туғандарына алғыс хаттар жолданады және т.с.с., сонымен қатар үлгерімі төмен курсанттарға қатысты тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады.

    Ай сайын Академияның жалпы сапқа тұруында ең жақсы курсқа және топқа «Оқудағы жоғары көрсеткіштері үшін» деген жалауша беріледі, сонымен қатар апта сайын жалпы сапта тұруда үлгерімнің және сабаққа қатысудың нәтижелері жарияланады.

    Күндізгі оқыту факультетінің жұмысы оқу жылына әзірленген Академияның негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылады.

    Факультеттің негізгі міндеттері заманауи ғылыми деңгейде мамандарды дайындау, оқыту және тәрбие үдерісін табиғи байланыстыру, орнықты арақатынас және түлектердің білікті мінездемесіне қойылатын талаптардың көлемінде таңдалған мамандық бойынша курсанттардың терең теориялық білім, практикалық дағды және шеберлік алуы болып табылады және олар: - оқу процесіне оқытудың инновациялық технологиясын, заманауи техникалық оқу құралдарын енгізу; - оқу процесін ұйымдастыру және бақылау; - оқытудың (оқу) және курсанттардың өзіндік жұмысының өзара байланысы, курсанттарды оқу-зерттеу қызметіне үйрету, курсанттардың шығармашылық өзіндік жұмысына қажетті жағдайлар жасау; - оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу процесінің жоғары деңгейдегі ұйымшылдығы және жоспарлығы; - факультеттер, бөлімдер, кафедралар және өзге де Академияның қызметтері арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Күндізгі оқыту факультетінің негізгі функцияларына қатыстылар: - курсанттардың ағымдағы үлгерімін, сабаққа қатысуын және өзіндік дайындығын бақылау; - оқу үдерісінің барысы туралы ақпаратты жинау және өңдеу; - межелік, аралық бақылауды, қорытынды аттестация және кәсібі практиканы жүзеге асыру және өткізу; - білімді бақылаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша білім алатын курсанттардың жеке рейтингін анықтау; - білім алушылардың оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеу (курсанттың оқу карточкасы, сынақ кітапшалары, жинақ ведомостары, емтихан ведомостары, үлгерім және сабаққа қатысу бойынша күнделікті және ай сайынғы мәліметтер); - курсанттардың практикалық оқуын ұйымдастыру (оқу-танымдық практика, қосымша практика, тағылымдама), олардың қорытындыларын талдау және жинақтау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар және ұсынымдарды әзірлеу, Қазақстан Республикасы ІІМ практикалық органдарымен байланысты қамтамасыз ету; - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу үдерісін қамтамасыз ететін кафедралардың қызметін, оқу жоспарларын және білім беру бағдарламаларын орындауды бақылау; - аудиториялық-оқу сабақтарының негізгі түрлері: дәрістерге, семинарларға, практикалық сабақтарға және курсанттардың өзіндік дайындығына бақылау; - Академияның басшылығымен курстардың жеке құрамының барлық кездесулеріне қатысу; - кадрлар бөлімімен және тәрбие жұмысы бөлімімен жүргізілетін іс-шараларға қатысу; -курсанттардың Қазақстан Республикасы ІІМ практикалық қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастыру; - арнайы кафедралармен бірлесе отырып тағылымдаманың өткізілу нәтижелері бойынша курсанттардың әдістемелік конференцияларын ұйымдастырады, олармен ұсынылған практикалық материалды жинақтайды және курсанттардың оқу-зерттеу жұмысында пайдалану жөнінде ұсынымдар береді; - оқытушылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуге ықпал етеді және т.б. Факультетте тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес, қызметтік дайындық аясында келесідей мәселелер қарастырылады: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, «Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеб кодексі» және т.б.

    Курсанттардың жалпы мәдени деңгейін арттыру тәрбие жұмысында маңызды орын алады. Курс жетекшілері бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, тәрбие жұмыстарына, сонымен қатар мәдени-бұқаралық шараларға, курс басшылығымен ұйымдастырылған жиналыстарға қатысады және де бекітілген курстарда сабақ беретін оқытушылармен сұхбаттасады, кеңес беру көмегін ұйымдастырады.

    Байланыс ақпараты: з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі Аймағанбетов Талғат Зекенұлы Жұмыс тел.: 8/7212/303370, E-mail: aitalzek @ mail.ru

    СЫРТТАЙ ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІ

    Сырттай оқу факультеті ішкі істер органдарына «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жоғары білімді және білікті кадрлар даярлайтын Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Заң институтының құрылымдық бөлімі болып табылады.

    Сырттай оқу факультеті өз қызметі барысында Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындар басқармасымен, Ғылыми және Оқу-әдістемелік кеңеспен, институттармен, күндізгі оқу факультетімен, кафедралармен және Академия бөлімдерімен өз-ара әрекет етеді. Факультеттің мақсты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстан қол үздірмей құқық қорғау органдарына мамандар даярлаудағы жоғары білім берудің республикалық бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.

    КСРО ІІМ 1956 жылғы 20 қазандағы № 0463 бұйрығымен Алматы қаласында үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар жедел жұмыстағы қызметкерлер үшін төрт жылдық оқу мерзімімен Мәскеу жоғары мектебінің сырттай оқыту бөлімшесі құрылды. Бірінші қабылдау 1957 жылғы тамызда жүзеге асырылды. Содан соң бөлімше Мәскеу жоғары мектебінің Алматы сырттай оқыту факультеті болып (РКФСР ҚТКМ 1964 жылғы 30 мамырдағы № 365 бұйрығымен) қайта құрылды, кейін РКФСР ҚТКМ және Қазақ КСР ҚТКМ 1966 жылғы 12 қаңтардағы № 015/06 бірлескен бұйрығымен Мәскеу жоғары мектебінің Алматы күндізгі-сырттай оқыту факультеті ашылды.

    КСРО Үкіметінің шешімімен 1970 жылы КСРО ІІМ Мәскеу жоғары мектебінің Алматы факультеті күндізгі және сырттай оқыту факультеттер бар дербес КСРО Жоғары мектебі ретінде Қарағанды қаласында қайта құрылды.

    1980 жылы мектептің сырттай бөлімшесі Алматы қаласында сырттай оқыту факультеті және екі оқу-консультациялық бөлімдермен (Гурьев және Фрунзе қаласында) қайта құрылды.

    Факультеттің бірінші бастығы болып мектеп ардагері милицияға әүе-десанты әскерінің рота командирі лауазымынан келген милиция полковнигі Ғ.С.Сабырәлиев тағайындалды. Сырттай оқыту факультетінің құрылуына және дамуына А.М.Роднов (1987-1996 жж.), Б.Ю.Айтуаров (1996 ж.), А.Ә. Омаров (1996-1998 жж.), А.Т. Сағындыков (1998-1999 жж.), К.Т. Аханов (1999-2004 жж.), Қ.Л.Әлжанов (2004-2005 жж.), Н.Ж.Бекбатыров (2005-2010 жж.), Исмағанбетов М.А. (2010-2012) елеулі үлес қосты. Қазіргі таңда сырттай оқыту факультетін ф.ғ.к., полиция полковнигі А.Е. Қабдуев басқарып отыр. Факультет оқу үрдісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйке «5В030300 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ұйымдастырылған және осының негізінде «ІІО сотқа дейінгі тергеу», «ІІО жедел-криминалистикалық қызмет» мамандықтарының оқу бағдарламалары құрылған.

    Жұмыстық оқу жоспарларын құру барысында тәжірибелік бағытқа және оқытылатын пәнге жүйелі түрде қарауға баса назар аударылады.

    Факультеттің негізгі міндеті: - заманауй деңгейдегі мамандар даярлау, оқыту үрдісі мен тәрбиенің органикалық үйлесімділігі; - білім алушылардың тереңдетілген теориялық білім алуы мен тәжірибелік қабілеті мен біліктілігінің оптималды сәйкестігі; - Оқу үрдісіне заманауй техникалық құралдар мен оқытудың инновациялық әдістерін енгізу; - Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау; - Оқу үрдісінің оқу жоспарына және білім бағдарламаларына сәйкес жоғары деігейде ұйымдастырылуы; - Академияның оқу факультеттерімен, кафедралармен, бөлімдерімен және өзге де қызметтерімен өз-ара әрекет етуі; Сырттай оқу факультетінің негізгі функциялары: - ағымдағы үлгерім мен сабақтарға қатысуды бақылау; - аралық және қорытынды аттестацияны жүзеге асыру; - білім алушылардың барлық жетістіктерін тіркеу (оқу картасы, сынақ кітапшасы, емтихан тізімдемесі т.б.); - оқу үрдісін қамтамасыз ететін кафедраларды Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына және оқу жоспарының орындалуы мен білім бағдарламасына сәйкес бақылау; - аудиторлық, оқу сабақтарының негізгі түрлері: дәріс, семенар, тәжірибелік сабақтар; - факультеттің жеке құрамының Академия басшылығымен кездесу шараларына қатысу; - Академияда өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу; Факультет құрылғанан бері Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін «Құқықтану», «Заңтану», «Құқық қорғау қызметі» мамндықтары бойынша заңгерлік білімі бар мамандар даярлап келеді. Тындаушылар жеделіздестіру, тергеу-криминалистикалық, әкімшілік-құқықтық мамндықтары бойынша оқытылады.

    Факультеттің оқу-әдістемилік кабинеттен, қызметік бөлмеден және оқу аудиториясынан тұратын материалдық техникалық бар.

    Жағымды жақтарының бірі ретінде жақа компьютерлік кластық ашылғанын атап өтуге болады, заманауй компьютерлермен жабдықталған және тыңдаушылармен сабақ, өзіндік дайындық өткізу үшін сонымен қатар тест нысанында сынақ және емтихан қабылдау үшін арналған.

    Қазіргі кезде сырттай оқыту факультетінің быстығы, ф.ғ.к., полиция полковнигі А.Е. Қабдуев, аға оқытушы-әдіскерлер полиция полковнигі К.О. Оспанов, полиция майоры А.А. Адыханов оқытушы-әдіскерлерлер полиция майоры А.М. Нұрбеков, полиция лейтенанты Е.А. Евгеньева, әдіскер Д.А. Алдангарова.

    Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Факультетінің бастығы: 87212-303389

    Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы заң институтының құрамы 13 кафедрадан тұрады: 1) қылмыстарды алдын ала тергеу кафедрасы; 2) қылмыстық іс жүргізу кафедрасы; 3) криминалистика кафедрасы; 4) қылмысты ашуды және тергеуді техникалық-криминалистикалық қамтамасыз ету кафедрасы; 5) жедел іздестіру қызметі кафедрасы; 6) әкімшілік құқығы және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы; 7) қылмыстық құқығы және криминология кафедрасы; 8) мемлекеттік-құқық пәндер кафедрасы; 9) азаматтық-құқық пәндер кафедрасы; 10) жалпы білім беру пәндер кафедрасы; 11) тілдік дайындық кафедрасы; 12) денешынықтыру мәдениеті кафедрасы; 13) әскери және арнайы-тактикалық дайындық кафедрасы.

    Кол-во материалов:
    7
  • Госзакупки
    Кол-во материалов:
    4
  • Научная деятельность
    Кол-во материалов:
    29
  • Наши выпускники
    Кол-во материалов:
    8
  • ДОТ
    Кол-во материалов:
    5
  • Слайд
    Кол-во материалов:
    4
  • Болемшелер
    Кол-во материалов:
    19
  • Слайдказ
    Кол-во материалов:
    3
  • Об академии
    Кол-во материалов:
    4
  • Законы
    Кол-во материалов:
    4
  • Заңдар
    Кол-во материалов:
    4
  • Institutes
    Кол-во материалов:
    4
  • Порталы следователя, участкового,
    Кол-во материалов:
    34
  • Профориентационная работа
    Кол-во материалов:
    6
  • Новости 2017
    Кол-во материалов:
    516
  • Патриотизм
    Кол-во материалов:
    18
  • Кураторство
    Кол-во материалов:
    46
  • Дис
    Кол-во материалов:
    8
  • Благотворительность
    Кол-во материалов:
    18
  • Музей
    Кол-во материалов:
    1
  • ветераны
    Кол-во материалов:
    2
  • Развития гос языка
    Кол-во материалов:
    4

Телефон доверия