LOADING
PREV
NEXT
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1.Pogon.03f441ba4edd7b3dc26e5590dd70dfe4gk-is-129.jpg
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1.Pogon.1gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1.FootVolei.001gk-is-129.JPG

  • Погоны из рук Президента ...
  • Просмотр фильма «Балалық ...
  • Соревнования по футболу и...

Погоны из рук Президента Республики Казахстан

4 июля 2018 года Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев на Торжественной церемонии подъема государственного флага, посвященной празднованию 20-летия города Астана вручил офицерские погоны лучшим выпускникам 2018 года ВУЗ-ов МВД РК.

Find more

Просмотр фильма «Балалық шағымның аспаны»

В целях формирования высокого исторического сознания, развития чувства казахстанского патриотизма и повышения культурного уровня курсантов 1-3 курсов Академии, приобщения их к истории, достояниям национальной культуры, 5 июля 2018 года в

Find more

Соревнования по футболу и волейболу

23 июня 2018 г. на базе Карагандинской академии МВД Республики Казахстан им.Б.Бейсенова были проведены соревнования по футболу и волейболу среди профессорско-преподавательского и вольнонаемного состава Академии посвященного Дню Казахстанской полиции и

Find more

Бос орындар

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы (100021, Қарағанды қаласы Ермеков көшесі, 124, анықтама үшін телефон 8 (7212) 30-33-64, www.web.kzi.kz) төмендегі бос лауазымдарға орналасуға байқау жариялайды:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты бастығының орынбасары.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған доцент» ғылыми атағының (арнаулы кәсіптік бітіртіп шығарушы кафедраларды есептемегенде) болуы. Құқық қорғау немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымындарындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе ғылыми-педагогикалық қызметіндегі өтілі бес жылдан кем емес болуы тиіс.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының аға оқытушы-әдіскері Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдардағы қызметі үш жылдан кем емес, ғылыми-педагогикалық қызметіндегі (аға оқытушы-әдіскер лауазымы үшін) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде оқытушы лауазымында екі жылдан кем емес болуы тиіс. Криминалистика кафедрасының бастығы.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары (әскери), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ІІО қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, педагогикалық қызметтегі немесе басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы тиіс.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған доцент» ғылыми атағының (арнаулы кәсіптік бітіртіп шығарушы кафедраларды есептемегенде) болуы. Құқық қорғау немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымындарындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе ғылыми-педагогикалық қызметіндегі өтілі бес жылдан кем емес болуы тиіс.

Қылмыстарды сотқа дейінгі тергеу кафедрасы, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы, әскери және арнайы тактикалық даярлық кафедрасының аға оқытушылары. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары кәсіптік, магистр академиялық дәрежесі, осы санат бойынша нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болуы тиіс.

Қылмыстарды ашуды және тергеуді техника-криминалистикалық қамтамасыз ету кафедрасының оқытушысы.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары кәсіптік, магистр академиялық дәрежесі, осы санат бойынша нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы тиіс. КЖБ жеке құрамы бойынша инспекциясының бас маманы, инспектор.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары кәсіптік. Құқық қорғау немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басқа да лауазымындарындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болуы тиіс.

Кәсіби даярлық бойынша тобының инспекторы.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: кәсіби даярлықты ұйымдастыру жөніндегі инспекторлардың лауазымдарына арнайы білімі (дене шынықтыру-педагогикалық), спорттық білімі бар және ІІО-да кем дегенде 3-5 жыл жұмыс істеген қызметкерлер басымдықпен тағайындалады. Ғылыми-зерттеу институты криминологиялық мәселелерді зерттеу бойынша орталығының бастығы. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары (әскери), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ІІО қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, педагогикалық қызметтегі немесе басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы тиіс.

Ғылыми-зерттеу институты қылмыстарды тергеу мәселелерін зерттеу бойынша орталығының аға ғылыми қызметкері.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, құқық қорғау немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдардағы қызметі үш жылдан кем емес, осы санат бойынша нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы тиіс.

Ғылыми-зерттеу институты ІІО әкімшілік қызметі және басқару мәселелерін зерттеу бойынша орталығының ғылыми қызметкері.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, құқық қорғау немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдардағы қызметі екі жылдан кем емес, осы санат бойынша нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болуы тиіс.

Кабинет бастығы.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіптік, осы санат бойынша нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы тиіс.

Ескерту: Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар: өтініш (уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша); кадрлар есебі бойынша жеке парақ; білімі туралы нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек кітапшасының, әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері; Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі, соңғы жұмыс орнынан (оқу орнынан) немесе үміткер әскери қызмет өткерген бөлімнен мінездеме, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны жөнінде мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама, белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижесі бар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы құжаттар тапсыру туралы сертификат (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі), сурет (өлшемі 3,5*4,5 - 1 дана) тиісті мемлекеттік органға бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі істер органдарына алғаш қабылданатын азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтеді.

Бос лауазымдарға орналасу үшін үміткерлерге тестілеу жүргізу бағдарламасына Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасы мемлекетітк қызметшілерінің этикалық кодексі», «Ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу бойынша тест, сонымен қатар медециналық – жас санатына қарай дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру кіреді.

Кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.З.Муханбетов

Телефон доверия