Бос лауазымдарға орналасу туралы ХАБАРЛАМА

 Толығырақ

Хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері. Бейсенов оқулары» атты халықаралық қашықтық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Толығырақ....

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының бастығы

з.ғ.к, доцент, полиция полковнигі

Үметов Алижан Үметұлы

тел.(7212) 30-35-20

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты ғылыми және педагогикалық магистратурада және PhD докторантурада кадрларды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының оқу-әдістемелік, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Институт өз қызметінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру аясында ішкі істер органдары үшін «6М030300-Құқыққорғау қызметі» мамандығы бойынша «құқық магистрі» дәрежесін және Қазақстан Республикасы ІІМ жүесінде білім беру ұйымдарына және ғылыми-зерттеу институттарға «6D030300-Құқыққорғау қызметі» мамандығы бойынша «PhD докторы» дәрежелі мамандарды беруімен жоғары білікті мамандарды даярлау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілерін басшылыққа алады.

Институт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары үшін мамандарды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Институт қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының және шет елдердің ішкі істер органдарын, басқа да құқық қорғау органдарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы ІІМ, Қазақстан Республикасы БжҒМ жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу жүйесін мұнан әрі дамыу бойынша мақсаты –магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары білім беруді қамтамасыз ету дүниелік рынокте ғылымдар мен мамандар бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін PhD докторларды және магистрларды дайындау процессін халықаралық стандарттарынын талаптарына және Болондық процесс принциптарына сәйкес жетілдіру.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының бейінді магистратурасында білім алу экперименталды-зерттеу жұмысынын дағдысына ие болып ІІМ, ІІД, көліктегі ІІД бөліністер басшылары болып қызметтерін атқару мүмкіндіктерге ие болады.

Ғылыми және педагогикалық магистратурасы заң ғылымдарының магистрлерін даярлау, құқықтық нормаларды, ғылыми зерттеу әдіснамасын әзірлеу және іске асыру, жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласындағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді және сапалы дайындауды, сонымен қатар жалпы мәдени, кәсіби және кәсіби-мамандандырылған құзыреттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін жаңа технологияларды қоса отырып, білім беру үдерісін ұйымдастырудан тұрады.

Докторантурада білім алу жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудын аяқталу сатысы болып, ғылыми-педагогикалық магистратурадан кейін ғылыми-педагогикалық кадрларды іргелі дайындауды болжамдайды және өзіндік ғылыми зерттеуді орындауды талап етеді.

Институттың міндеттері:

- жоғары жалпы мәдениетті, кәсіби құзіретті, азаматтық жетілу мен тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандығын, мемлекет мүдделерін қорғауға дайындықты ұштастыра білетін жоғары білікті мамандарды даярлау;

- кәсіптендіру және ғылыми-педагогикалық магистратурада, докторантурада жоғары білікті амандарды даярлауда Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігінің, құқық қорғау органдарының бөліністеріне ұйымдық және ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;

- қазақстандық құқықты, Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі органдарының және басқа да құқық қорғау құрылымдарының қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша мамандарды даярлаудың бағытына сәйкес түбегейлі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, қол жеткізген нәтижелерді және ғылыми зерттеулерді оқу процесіне және тәжірибеге енгізу;

- білімнің, ғылымның және тәжірибенің тығыз ықпалдасуы үшін жағдайлар жасау, оқу-тәрбие және ғылыми процестерді басқарудың ұйымдаструшылық нысандары мен әдістерін жетілдіру;

- өзінің құзіреттілігі шегінде халықаралық, аймақтық және басқа да қосымша білім беру бағдарламаларын қалыптастыуға қатысу;

- оқу, ғылыми және басқа да әдебиеттерді дайындау, басып шығару және тарату;

- Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен, ғылыми және ғылыми-техникалық қоғамдарымен байланысты нығайту;

- оқу және материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру;

Институт жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша сабақтарды жүргізуге қатысатын академия кафедраларының оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіреді, академияда өткізілетін ғылыми зерттеулерге қатысады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институт басшысының қалалық телефоны 8(7212)30-35-20.

Телефон доверия

 1402

+7(7212)303371

+7(7212)303401 факс