LOADING
PREV
NEXT
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1-2018.DSC_22961gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/16dec.DSC_1420gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/16dec.DSC_1597gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1.1-2.1gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1.Pogon.03f441ba4edd7b3dc26e5590dd70dfe4gk-is-129.jpg
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/2018.37296040_260119871254007_1420753126859735040_n_002gk-is-129.jpg

  • Академияның 1-курс курсан...
  • Қазақстан Республикасының...
  • Қазақстан Республикасының...
  • Марш-бросок посвященный Д...
  • Елбасы офицерлік погон та...
  • «Көрдің бе әке, мен сенің...

Академияның 1-курс курсанттарының Ант қабылдау рәсімі

2018 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республиаксы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында ең жарқын және атаулы мереке өтті. Әр адамның өмірінде жүрегінде маңызды орын алып, өмірінің соңына дейін есінде қалатын айтулы

Find more

Қазақстан Республикасының Конституция күні

2018 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Академияның тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Академияның 1-курс курсанттары және курс офицерлері

Find more

Қазақстан Республикасының Білім күні.

2018 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жеке құрамымен Қазақстан Республикасының Білім күнініне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Find more

Марш-бросок посвященный Дню Конституции Республики Казахстан.

29 августа 2018 года в честь Дня Конституции Республики Казахстан и с целью развития гражданско-патриотической позиции и социально – значимых ценностей у курсантов, воспитания у них чувства патриотизма, гражданственности, развития

Find more

Елбасы офицерлік погон табыстады

2018 жылғы 4 шілдеде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған Мемлекеттік тудың салтанатты көтерілуі рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ІІМ жоғары оқу орындарының 2018 жылғы үздік түлектеріне өз қолымен

Find more

«Көрдің бе әке, мен сенің жолыңмен келемін!»

Ерлікпен қаза тапқан ІІО қызметкері полиция аға сержанты Жұмабеков Қайрат Қуанышұлының баласы Жұмабеков Ғалым Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсті. Жұмабеков Ғалым 2018 жылы Қарағанды облысы Заречный

Find more

Хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының Ғылыми-зерттеу институты «Заңнаманы және ішкі істер органдарының құқық қолдану практикасын жетілдірудің келешегі және проблемалары» тақырыбында дистанциялық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. 

                                                                                                      Толығырақ...

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері. Бейсенов оқулары» атты халықаралық қашықтық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Толығырақ....

Ғылыми-зерттеу институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ

БӘРІМБЕК БЕЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ

КАРАҒАНДЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Карағанды академиясының Ғылыми-зерттеу институты (әрі қарай - ҒЗИ) Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Карағанды академиясының құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ

Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

ҒЗИ бастығы, з.ғ.к., доцент, полиция подполковнигі

О.Т. Сейтжанов

Жұм.тел.+7 (7212) 303414

email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қазақстан Республикасы ІІМ

Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

ҒЗИ бастығының орынбасары, з.ғ.м., полиция подполковнигі

А. Сахарбай

Жұм.тел. +7 (7212) 303414

email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

ҒЗИ Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының 1999 жылдан бастап қызмет ететін (Алматы қаласы) Ғылыми орталығы базасында 2002 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 407 бұйрығымен құрылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 21 қарашадағы «Ұйымдық-штаттық мәселелері туралы» № 437 бұйрығымен ҒЗИ Алматы қаласынан Астана қаласына жаңа орынға орналастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2011 жылғы 24 ақпандағы № 169 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Ұйымдық-штаттық мәселелері туралы» 2011 жылғы 04 сәуірдегі № 144 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясынан ҒЗИ Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының штатына берілді.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Ұйымдық-штаттық мәселелері туралы» 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 144 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының Ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының штатына берілді. Бұның негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2011 жылғы 24 ақпандағы № 169 қаулысы болды.

2002-2009 жылдар аралығында ҒЗИ-дың тұңғыш жетекшісі, әрі Алматы академиясы бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, профессор, полиция полковнигі Б.А.Әбдірахманов болды.

ҒЗИ Астана қаласына ауысқаннан 2010 жылға дейін з.ғ.к. Ы.А.Жандарбеков басқарды. Содан кейін ҒЗИ-ды 2010-2011 жж – з.ғ.д., профессор, полиция полковнигі З.С.Тоқыбаев; 2011 жылы – з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі Қ.Т.Балтабаев; 2013-2014 жж. – з.ғ.д., полиция полковнигі И.П.Корякин; 2014-2016 жж. – з. ғ. к., доцент, полиция полковнигі Б.А.Құлмұханбетова; 2016 -2017 жж. з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі Г.Қ.Байжанова басқарды; ал 2017 жылдың қараша айынан бастап заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі О.Т.Сейтжанов басқаруда.

 

ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН

ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ

Қылмыстарды тергеу мәселелерін зерттеу бойынша орталық (бұдан әрі – № 1 орталық) алдын ала тергеу проблемаларына іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді, қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруді, белгіленген құқықтар мен функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Ғылыми-зерттеу институтының дербес ғылыми-зерттеу құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

1-міндет. Алдын ала тергеу және анықтау мәселелері бойынша іргелі, ізденуші және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу және т.б.;

2-міндет. Тізбе бойынша аса маңызды мәселелерді бастамашыл ұсыныстарын мүдделі бөлімшелерімен бірлесіп қарау, өткізілетін бағдарламардың шеңберінде шешуді талап ететін, сондай-ақ инновациялық жобаларды, тараптық ғылыми ұйымдармен конкурстық негізде орындайтын, ішкі істер органдарының қызметінің түпкі нәтижелеріне бағытталған, келесі бағыттар бойынша заң шығару тәжірибесі оның ішінде жалпытеориялық міндеттерді зерттеу:

– мемлекеттің заңнамалық қызметін дәлелдеу және оның сапасын қамтамасыз ету;

– заң жобаларын, олардың дайындалуы мен талқылануын ұйымдастыруды және заңдардың қабылдануын тұжырымдамалық негіздеу;

– заңдық-техникалық тәсілдер мен шығармашылық жұмыс тәсілдерін жетілдіру;

– заңнаманы реттеу және жүйелендіру мәселелерін зерделеу;

– ІІО қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мониторингі аясында ІІМ мүдделі бөліністерімен, білім берудің ведомстволық ұйымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;

– ІІО қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамамен өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өзгертулер мен толықтырулар жөніндегі ұсыныстарды енгізе отырып, ішкі істер органдары қызметін зерделеуде заңдардың, ведомстволық нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;

– ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, сол сияқты ішкі істер органдарының жедел-қызмет әрекетінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;

– меңгеруге ұсынылатын маңызды ғылыми әзірлемелер мен жобалардың, оның ішінде халықаралық мәліметтер банкін құруға қатысу;

– ғылыми және оқу әдебиеттерін дайындау (монографиялар, оқу және тәжірибелік оқу құралдары, әдістемелік ұсынымдар және т.б.);

– Қазақстан Республикасы ІІМ тапсырысы бойынша шолулар, аналитикалық материалдар, қорытындылар дайындау, алынған қорытындылар мен нәтижелерді одан әрі ғылыми-зерттеу жұмысында және оқу-тәрбие ісінде, ІІО-ның тәжірибелік қызметінде іске асыру;

– зерттеулердің нәтижелерін Қазақстан Республикасы ІІО қызметіне және Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының оқу үрдісіне енгізу;

– жоғары оқу орындарында дәріс, семинар және тәжірибелік сабақтарды жүргізу барысында бұқаралық ақпарат құралдары, арнайы басылымдар арқылы конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысу жолымен зерттеулердің нәтижелерін мақұлдау;

– заңнамалық және ведомстволық нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сараптамалық баға беру;

– орталықтың қызметіне қатысты мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету.

Орталық қызметкерлері 2011-2017 жылдар аралығында төмендегідей тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізді:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы Жарлығын іске асыру аясында ІІМ Тергеу комитеті мен Криминалдық полиция комитетін біріктіруді талдау және болашағы (2011 ж.);

2. Қылмыстық процестi оңайлату аясында тергеуге дейінгі тексерістен бас тарту – оң және теріс жақтары (2011 ж.);

3. Бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған, сондай-ақ қамауға алусыз оларға қатысты жолын кесу шаралары қабылданған, оның ішінде үй қамауына алынған қылмыс жасауда күдіктілердің жүріс-тұрысын бақылаудың электрондық құралдарын ішкі істер органдарының пайдалануы (2011 ж.);

4. ІІО қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік қызметінде ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың ерекшеліктері, оларды дамыту мен енгізудің келешегі (2011 – 2012 жж.);

5. Заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен байланысты қылмыстарды анықтау және тергеу (2011 -2012 жж.);

6. Қарудың заңсыз айналымы аясындағы қылмыстарды анықтау және тергеу бойыша құқық қорғау органдары жұмысының халықаралық тәжірибесі (2011 – 2012 жж.);

7. Құқықтық жүйені реформалау жағдайында сотқа дейінгі өндіріс процестi жетілдіру (2013-2014 жж.);

8. Жол-көлік оқиғаларын тергеу ерекшеліктері: қылмыстық-құқықтық, процессуалдық және криминалистік аспектілер (2013-2014 жж.);

9. Қазақстан Республикасы ІІМ тергеу бөліністері қызметкерлерінің жүктеме нормативтерін есептеу әдістемелері (2014-2015 жж.);

10. Заманауи қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тиімділігін арттыру (2015-2016 жж.);

11. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің тиімділігін арттыру (317, 318, 319, 320 б.б.): қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері (2017-2018 жж.);

12. Сот үкімін, сот шешімін немесе басқа да сот актілерін атқару құжатын орындамау: қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері (2017-2018 жж.);

13. Кәмелетке толмағандардың жыныстық бостандығы мен жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды тергеп-тексеру тиімділігін арттыру: қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері (2017-2018 жж.);

14. ІІО тергеп-тексеруіндегі террористік және экстремистік қылмыстарды саралаудың өзекті мәселелері: қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистік аспектілері (2017-2018 жж.). 2011-2017 жылдардағы зерттеу тақырыптары бойынша орталықтың орындаған теориялық, эмпирикалық жұмыстарының көлемі мен мазмұны

- тұжырымдамалардың, заңдардың, нормативтік қаулылардың, бұйрықтардың және т.б. жобаларына ұсыныстар – 28;

- сараптамалық қорытындылар, қорытындылар – 3;

- нормативтік қаулылар, инструкцисы және заң жобалары – 25;

- әдістемелік ұсынымдар – 7;

- талдамалық анықтама – 5;

- ғылыми мақалалар – 153;

- ІІО қызметін реттейтін заңнамалық актілер жинағы – 2;

- оқу және оқу-практикалық құралдары –6;

- дөңгелек үстел – 3;

- ескертпе -13;

- енгізу актісі – 42 оның ішінде: заң шығарушылық қызметке – 20; практикалық қызметке – 13; оқу процесіне – 9.

Орталық қызметкерлері ІІО қызметін жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді, жобаларды дайындау бойынша ІІМ көптеген жұмыс топтарының құрамына кіреді. Ғылыми зерттеу нәтижелері оң баға алды және ІІМ департаменттері мен комитеттерінің басшылары мақұлдады. Бұл ІІМ орталық аппаратының тапсырыс беруші бөліністерінен және басқа да мемлекеттік органдардан (Парламент, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот және т.б.) ғылыми қызмет нәтижелерін енгізу туралы актілерін растайды.

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН ЗАҢНАМАНЫ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ

Орталық бастығы – Тессман Светлана Александровна

з.ғ.к., доцент, полциция подполковнигі

Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін заңнаманы зерттеу және мониторингтеу мәселелері бойынша Орталық (бұдан әрі – № 2 орталық) жүктелген функциялар мен тағайындалған құзырлар шеңберінде ішкі істер органдарының қызметін реттейтін заңнама мен мониторингтің іргелі және қолданбалы зерттеулерін жүргізетін, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Ғылыми-зерттеу институтының дербес ғылыми-зерттеу құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Орталық қызметкерлері – С.А.Тессман  (бастық, з.ғ.к., доцент), А.М.Матышева (ҒҚ, құқық магистрі), Қ.Н. Әбуғалиев (АҒҚ, ф.ғ.к.), Б.Н. Бейсеналиев (ҒҚ, ҚР з.ғ.к.), Б.Б. Багисов (ҒҚ).

Орталықтың негізгі міндеттері:

– заң шығармашылық және құқық қолдану тәжірибесінің жалпы теориялық мәселелерін, заң жобаларының заңдық-техникалық дайындығын ұйымдастыруды және сапасын жетілдіруді зерделеу және т.б.;

– қазіргі заңнаманы қалыптастыруды ғылыми-әдістемелік тұрғыда қолдауды зерделеу, соның ішінде заң шығармашылық тәжірибесінің жалпы теориялық міндеттерін зерттеу төмендегідей бағыттардан тұрады:

– мемлекеттің заңнамалық қызметін ынталандыру және оның сапасын қамтамасыз ету;

– заң жобаларын, олардың дайындалуы мен талқылануын ұйымдастыруды және заңдардың қабылдануын тұжырымдамалық негіздеу;

– заңдық-техникалық тәсілдер мен шығармашылық жұмыс тәсілдерін жетілдіру;

– заңнаманы реттеу және жүйелендіру мәселелерін зерделеу;

– ІІО қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мониторингі аясында ІІМ мүдделі бөліністерімен, білім берудің ведомстволық ұйымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;

– ІІО қызметін реттейтін қолданыстағы заңнама мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өзгертулер мен толықтырулар жөніндегі ұсыныстарды енгізе отырып, ішкі істер органдары қызметін зерделеуде заңдардың, ведомстволық нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;

– ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, сол сияқты ішкі істер органдарының жедел-қызмет әрекетінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;

– меңгеруге ұсынылатын маңызды ғылыми әзірлемелер мен жобалардың, оның ішінде халықаралық та, мәліметтер банкін құруға қатысу;

– ғылыми және оқу әдебиеттерін дайындау (монографиялар, оқу және тәжірибелік оқу құралдары, әдістемелік ұсынымдар және т.б.);

– Қазақстан Республикасы ІІМ тапсырысы бойынша шолулар, аналитикалық материалдар, қорытындылар дайындау, алынған қорытындылар мен нәтижелерді одан әрі ғылыми-зерттеу жұмысында және оқу-тәрбие ісінде, ІІО-ның тәжірибелік қызметінде іске асыру;

– зерттеулердің нәтижелерін Қазақстан Республикасы ІІО қызметіне және Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының оқу процесіне енгізу;

– жоғары оқу орындарында дәріс, семинар және тәжірибелік сабақтарды жүргізу барысында бұқаралық ақпарат құралдары, арнайы басылымдар арқылы конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысу жолымен зерттеулердің нәтижелерін мақұлдау;

– заңнамалық және ведомстволық нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сараптамалық баға беру;

– Орталықтың қызметіне қатысты мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету.

Орталық қызметкерлері 2011-2017 ж аралығында төмендегідей тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізді:

- ІІО қызметін реттейтін заңнама мен заң күшіндегі актілердің мониторингі;

- Қылмыстық заңнаманы ізгілендірудің оң және теріс аспектілері.

- Қылмыстық заңнаманы ізгілендірудің қылмыстың қайталану жағдайына, азаматтардың құқықтарын және қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етуге әсері;

- ІІО жүйесіндегі құқықтық монитроинг жүйесінің, құрылымының, әдіснамасының және ұйымдастырылуының проблемалары;

- Жеке басқа қол сұғушылықтың жекелеген түрлері үшін жауапкершілік мәселелерінде заңнаманы дамытудың проблемалары және келешегі;

- Жаңа қылмыстық заңнама тұрғысында заңсыз қару айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет ету проблемалары;

- Қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғылар айналымын реттейтін мемлекеттік тілдегі құқықтық актілерді жетілдіру мәселелері;

- Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру тиімділігін арттыру (317, 318, 319, 320-бб.): қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері;

- ІІО тергеп-тексеруіндегі террористік және экстремистік қылмыстарды саралаудың өзекті мәселелері:қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері;

- Сот үкімін, сот шешімін немесе басқа да сот актілерін не атқару құжатын орындамау: қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері;

- Кәмелетке толмағандардың жыныстық бостандығы мен жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды тергеп-тексеру тиімділігін арттыру: қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері.

2011-2017 ж зерттеу тақырыптары бойынша Орталықтың орындаған теориялық, эмпирикалық жұмыстарының көлемі мен мазмұны

- Тұжырымдамалардың, заңдардың, нормативтік қаулылардың, бұйрықтардың және т.б. жобаларына ұсыныстар – 28;

- сараптамалық қорытындылар, қорытындылар – 3;

- нормативтік қаулылар, ІІО құқықтық мониторингі туралы ереже, заң жобалары – 5;

- әдістемелік ұсынымдар – 7;

- аналитикалық анықтама – 1.

- ғылыми мақалалар – 153;

- ІІО қызметін реттейтін заңнамалық актілер жинағы – 2;

- оқу құралы – 2;

- монография – 1;

- дөңгелек үстел – 3;

- енгізу актісі – 23 оның ішінде: нормашығармашылық және практикалық қызметке – 5;

заңшығармашылыққа – 5; практикалыққа – 8; ғылыми-практикалыққа – 1; ғылыми-зерттеуге – 1; оқу процесіне – 3.

Орталық қызметкерлері ІІО қызметін жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді, жобаларды дайындау бойынша ІІМ көптеген жұмыс топтарының құрамына кіреді. Ғылыми зерттеу нәтижелері ІІМ комитеттері мен департаменттерінің басшыларынан оң бағаланып, мақұлданған және ІІМ орталық аппаратының тапсырыс беруші бөліністерінен, әрі басқа да мемлекеттік органдардан (Парламент, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот және т.б.) алынған ғылыми қызмет нәтижелерін енгізу туралы актілері дәлелдей түседі.

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ

Орталық бастығы-полиция подполковнигі С.А.Балтабаев

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшесі. Орталықтың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әкімшілік қызметінің терең және іс жүзінде қолданылатын ғылыми өзекті мәселелерді зерттеу болып табылады.

Орталықтың қосымша мақсаттары болып:

- ішкі істер органдарының әкімшілік қызметті және оларды басқару бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелерін зерттеу;

- ішкі істер органдарының құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің стратегиясының құзыретіне жататын ғылыми негіздеу;

- әкімшілік әдептілік саласындағы күрес мәселелерімен айналысатын әдістемелік көмек көрсету;

- жоғары оқу орындарында дәрістік, семинарлық және тәжірибелік сабақтар, арнайы басылымдар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысу арқылы зерттеу нәтижесін апробациялау;

- нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын, қолданыстағы өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге, сондай-ақ құқықтық актілерге ұсыныстар енгізуге қатысу;

- Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметіне және Қазақстан Республикасының ІІМ оқу орындарының оқу үрдісіне зерттеу нәтижелерін енгізу;

- нормативтік құқықтық актілердің ғылыми жобаларына саралау;

- Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының кәсіби бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу институттарымен, оқу орындарымен, қоғамдық бірлестіктермен, Қазақстан және шетелдердің мемлекеттік органдарымен шығармашылық арақатынас;

ІІМ әкімшілік бөлімшелерінің құқықтық, ұйымдастырушылық-практикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде, ІІМ салалық комитеттері мен департаменттері, ішкі істер органдарының практикалық және ғылыми зерттеу тапсырыс берушілерімен өзара арақатынасты жүзеге асырады.

2011 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың тамыз айына дейін Орталықтың бірінші бастығы болып, профессор-оқытушылық және ІІО басқарушылық құрамдағы қызмет атқарған, з.ғ.к., доцент, полиция подполковнигі А.С.Төкиев болды. Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы заң шығарушы институтының» ММ директор лауазымы қызмет атқарады.

Қазіргі уақытта Орталықтың бастығы болып, ІІО практикалық бөлімшелерінде әр түрлі лауазымда қызмет атқарған, сонымен қоса облыстық деңгейдегі басқарушы лауызымда істеген, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, полиция подполковнигі С.А.Балтабаев басқарады. Үлкен практикалық тәжірибесі мен теорикалық дайындығы болғандықтан Орталықты 2014 жылдың наурыз айынан бастап өз қол астына алды.

Қазіргі таңда Орталықта ғылыми зерттеуді өткізуге практикалық және тәжірибелік дайындықтары жетерлік қызметкерлер жұмыс атқарады.

1999 жылдан ІІО қызметкері, аға ғылыми қызметкер, полиция подполковнигі Әбілқасымова Әйкерім Шайзадинқызы. 2013 жыдан бастап аға ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарады.

1996 жылдан ІІО қызметкері, аға ғылыми қызметкер, полиция подполковнигі Нұрмағанбетов Әнес Асқарұлы. 2016 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарады.

2005 жылдан ІІО қызметкері, аға ғылыми қызметкері, полиция майоры Халитов Ренат Гарифович. 2017 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарады.

2012 жылдан ІІО қызметкері, ғылыми қызметкері, з.ғ. магистрі, полиция капитаны Жақышова Хадиша Маратқызы. 2015 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарады.

2014 жылдан ІІО қызметкері, ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., полиция аға лейтенанты Әшімханова Фарида Мейрамханқызы. 2017 жылдан бастап ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарады.

2017 жылдан ІІО қызметкері, ғылыми қызметкері, з.ғ. магистрі, полиция лейтенанты Жалмаханов Жанғали Шапағатұлы. 2016 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарады.

Орталық келесі ғылыми-зерттеу аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқталған:

- Экологиялық құқық бұзушылықтың әдістемелік анықтау және тергеу. Іске асыру мерзімі: 2011 ж.

- Жол полициясының мәртебесін және қызметін ұйымдастыруды түбегейлі өзгерту, соның ішінде жол қозғалысына қатысушылармен тікелей байланысты мейлінше қысқартудың қосымша шараларын жасау жөніндегі шетелдік тәжірибелерді зерттеу.

Іске асыру мерзімі: 2011ж.

- Патрульдік полицияның саптық бөліністеріне көшеде және қоғамдық жерлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүктемені есептеудің негіздемесі мен әдістемесі. Іске асыру мерзімі: 2011-2012 жж.

- Ішкі істер органдарында стратегиялық жоспарлау. Іске асыру мерзімі: 2011 - 2012 жж.

- Төтенше жағдай кезіндегі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі.

Іске асыру мерзімі: 2011-2012 жж.

- Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету проблемалары. Іске асыру мерзімі: 2015-2016 жж.

- Әлеуметтік сипатты төтенше жағдайлар кезіндегі ішкі істер органдар қызметкерлерінің қызметі.

Іске асыру мерзімі: 2016-2017 жж.

Орталық қазіргі уақытқа дейін келесі жұмыстарды атқарды:

- Қазастан Республикасының жаңа әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің жекелеген баптарына түсініктеме беру (ІІО ведомстволық) (ғылыми-практикалық құралы);

- Төтенше жағдай кезіндегі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі (оқу құралы);

- Төтенше жағдай кезіндегі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі (әдістемелік ұсыным);

- Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету проблемалары (оқу құралы);

- Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету проблемалары (оқу құралы);

- Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету проблемалары (әдістемелік ұсыным);

- «Ата-аналарға қарсы қылмыстардың алдын алу» (оқу құралы)

- Әлеуметтік сипатты төтенше жағдайлар кезіндегі ішкі істер органдар қызметкерлерінің қызметі (әдістемелік ұсыным);

- Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларда ішкі істер органдарының қызметін реттейтін заңнамалық актілер жинағы (үзінді);

- Дағдарыс жағдайы кезінде ішкі істер органдарын басқару ұйымдастыру негіздері бойынша ІІО жетекшілеріне нұсқаудың жобасы дайындалды.

Сонымен қоса зерттеу тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына ұсыныс дайындалып, Қазақстан Республикасы заңнамасында көрінісін тапты.

Зерттелген тақырыптар бойынша қабылдау актілері алынды.

Қазіргі кезде Орталықпен Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон комитетінің тапсырысы негізінде, «Байқоңыр кешені аумағындағы мемлекеттер тараптарының заңнамасын қолдану кезіндегі олардың ішкі ісетр органдарының әкімшілік-құқықтық юрисдикциясы және өзара әрекет ету мәселелері» атты ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуда.

КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ

Криминологиялық мәселелерді зерттеу бойынша орталығы криминологиялық проблемалар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін, ішкі істер органдарының қылмыстылықтың алдын алу бойынша қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және ақпараттық мәселелерін шешетін Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Орталықтың штаттық құрылымы мынадай бірліктерден тұрады: бастық – 1, аға ғылыми қызметкер – 4, ғылыми қызметкер – 3.

Криминологиялық мәселелерді зерттеу бойынша орталығының негізгі міндеттері мыналар:

криминологиялық проблемалар бойынша іргелі, іздену және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

жалпы қылмыстылықтың және оның жекелеген түрлерінің негізгі үрдістерін кешенді талдау және криминологиялық тұрғыда болжау, атап айтсақ:

қылмыстылықтың факторлық кешенін талдау және оның негізінде қылмыстылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдау;

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ғылыми сараптау;

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;

қылмыстылықтың алдын алу мәселелері бойынша ғылыми, оқу және әдістемелік әдебиет дайындау (монографиялар, оқу және оқу-практикалық құралдары, әдістемелік ұсынымдар және басқалары);

зерттеудің нәтижелерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметіне және Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының оқу үдерісіне енгізу;

зерттеу нәтижелерін конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысу, бұқаралық ақпарат құралдары, арнайы басылымдар арқылы, жоғары оқу орындарында дәріс, семинар және практикалық сабақ жүргізу барысында байқаудан өткізу;

қылмыстылыққа және құқық бұзушылықтарға қарсы күресу саласында зерттеумен айналысатын ғылыми және практикадағы қызметкерлерге көмек көрсету;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бейінді бөліністерімен, Қазақстанның және шет елдердің ғылыми-зерттеу институттарымен, оқу орындарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, мемлекеттік органдарымен шығармашылық өзара іс-қимыл;

мүдделі бөліністермен бірлесіп жүргізіліп жатқан бағдарламалар аясында талап етілетін маңызды проблемалар тізімі бойынша бастамашыл ұсыныстарды, сондай-ақ «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аясында ішкі істер органдары қызметінің соңғы нәтижелерін арттыруға бағытталған инновациялық жобаларды қарастыру.

2012-2017 жылдардың ішінде криминологиялық мәселелерді зерттеу бойынша орталығы 8 ғылыми-зерттеу тақырыбын табысты аяқтады:

1. «Қылмыстылықты болжаудың ведомстволық әдістемесі» (2011-2012 жж.).

2. «Босқын мәртебесін берудің халықаралық практикасы және оны қылмыс жасаған адамдарға беруден бас тарту негіздері» (2011-2012 жж.).

3. «Ішкі істер органдары жеке құрамының арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызған себептер мен жағдайлар» (2011-2012 жж.).

4. «Ішкі істер органдарының қызметкерлері жасайтын қылмыстардың алдын алу» (2013-2014 жж.).

5. «Шетелдік ҮЕҰ-ның қоғамды радикализациялау құралы ретіндегі құқыққа қайшы қызметі» (2013-2014 жж.).

6. «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету проблемалары» (2014-2017 жж.).

7. «ІІО-ның жер-құрылыс секторында қылмыстылықтың алдын алу жөніндегі қызметі (қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілер)» (2016-2017 жж.).

8. «Халық пен азаматтардың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру проблемалары» (2017 ж.).

Қазіргі кезде орталық Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2018 жылға арналған ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары жоспарымен бекітілген «Ішкі істер органдары бақылауы тиіс террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру саласындағы заңнаманы қолдану практикасы мен проблемалық мәселелері» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізуде.

Сонымен қатар орталықтың қызметкерлері авторлық ұжымдардың құрамында мынадай тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысады:

1. «Сот үкімінің, сот немесе басқа да сот актісі шешімінің не атқарушы құжаттың орындалмауы: қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері».

2. «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу тиімділігін арттыру (ҚР ҚК 317, 318, 319, 320-баптары): қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері».

3. «Кәмелетке толмағандардың жыныстық еркіндігі мен жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды сотқа дейін тергеп-тексеру ерекшеліктері: қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері».

4. «ІІО тергеуіне жатқызылған террористік және экстремистік қылмыстарды саралаудың өзекті мәселелері: қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілері».

5. «Мал ұрлығын тергеп-тексеруді ұйымдастыру және оның тактикасы».

Телефон доверия