«Тергеулік қарап-тексеруді жүргізу бойынша тергеушінің (анықтаушының) ұйымдастырушылық қызметі» тақырыбында сабақ өткізілді
- Подробности
- Опубликовано 11.10.2018 09:25
2018 жылғы 5 қазанда сабақтарды жүргізуге тәжірибеде жұмыс істейтін қызметкерлерді тарту бойынша бекітілген кестеге сәйкес Академияның күндізгі оқыту факультеті басшылығымен қылмыстарды сотқа дейінгі тергеу кафедрасы Қарағанды қаласының ІІБ бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Кулькеев Рустам Уристемовичпен 401,408- оқу топтарының жеке құрамына « Тергеулік қарап-тексеруді жүргізу бойынша тергеушінің (анықтаушының) ұйымдастырушылық қызметі» тақырыбында сабақ өткізу ұйымдастырған болатын.
Сабақта сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында пайда болатын сұрақтар мен проблемалар қозғалып, сонымен қатар қандай да бір тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, оның ішінде оқиға болған жерді қарау өндірісінің алғашқы, жұмыс және қорытынды сатысында тергеу бөліністерінің жас қызметкерлері жіберіп алатын қателіктері қарастырылды.