Футбол мен волейболдан жарыс
- Подробности
- Опубликовано 26.06.2018 04:47
2018 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Қазақстан полициясы күніне, сонымен қатар Академия бастығының жариялаған Әскери және қызметтік даярлық жылына арналған Академияның профессорлық-оқытушылық және ерікті жалдамалық құрамы арасында футбол мен волейболдан жарыс өтті.
Жарысқа футболдан және волейболдан 4 құрама команда қатысты: Заң институтының құрама командасы; бөлімшелер мен қызметтер құрама командасы; институттар құрама командасы; оқу-саптық бөліністер құрама командасы.
Жарыс айналым жүйесінде өтті. Тартысты ойынның нәтижесі төмендегідей:
футбол бойынша:
І орын - Заң институтының құрама командасы;
ІІ орын - оқу-саптық бөліністер құрама командасы;
ІІІ орын - институттар құрама командасы;
IV орын - бөлімшелер мен қызметтер құрама командасы.
волейбол бойынша:
І орын - оқу-саптық бөліністер құрама командасы;
ІІ орын -Заң институтының құрама командасы;
ІІІ орын - бөлімшелер мен қызметтер құрама командасы;
IV орын - институттар құрама командасы.
Аталмыш жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Академия бастығының медальдарымен, кубогімен және грамотасымен наградтталды.