Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің Республикалық слетіне қатысуы
LOADING
PREV
NEXT
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1.Pogon.03f441ba4edd7b3dc26e5590dd70dfe4gk-is-129.jpg
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1.Pogon.1gk-is-129.JPG
http://kzi.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/1.FootVolei.001gk-is-129.JPG

  • Погоны из рук Президента ...
  • Просмотр фильма «Балалық ...
  • Соревнования по футболу и...

Погоны из рук Президента Республики Казахстан

4 июля 2018 года Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев на Торжественной церемонии подъема государственного флага, посвященной празднованию 20-летия города Астана вручил офицерские погоны лучшим выпускникам 2018 года ВУЗ-ов МВД РК.

Find more

Просмотр фильма «Балалық шағымның аспаны»

В целях формирования высокого исторического сознания, развития чувства казахстанского патриотизма и повышения культурного уровня курсантов 1-3 курсов Академии, приобщения их к истории, достояниям национальной культуры, 5 июля 2018 года в

Find more

Соревнования по футболу и волейболу

23 июня 2018 г. на базе Карагандинской академии МВД Республики Казахстан им.Б.Бейсенова были проведены соревнования по футболу и волейболу среди профессорско-преподавательского и вольнонаемного состава Академии посвященного Дню Казахстанской полиции и

Find more

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің Республикалық слетіне қатысуы

2018 жылғы 7-8 маусымда Астана қаласында жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің қатысуымен Республикалық слет өтті. Слет жұмысына Республиканың ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері қатысты. Іс-шара Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және ішкі істер органдарының имиджін көтеру шеңберінде өткізілді. Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан азаматтық – құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты А.Қ. Алибаев және күндізгі оқыту факультетінің 3-курс студенті А.А. Мұңалбай қатысты.

 

Аталған іс-шараның мақсаты болып Қазақстан полициясының жас қызметкерлерінің кәсіби шыңдалуындағы тәлімгерліктің рөлін арттыру, сонымен қатар кәсіби білікті мамандарды сақтау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, ішкі істер органдарының үздік дәстүрлерін сақтау және насихаттау.

Республикалық слеттің жұмысы қызмет бабында қаза болған ұлттық ұлан әскери қызметкерлері және ішкі істер органдары қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Ескерткіш қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің батылдығын, ерлігін бейнелейді. Республикалық слет жұмысын кейін пленарлық отырыс өтті, онда Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы А.Дәрменов қатысты. Ол өзінің баяндамасында бүгінгі іс-шара уақыт пен ұрпақтардың дәйектілігінің негізін жандандыруын білдіреді және жас Қазақстандық полиция қызметкерлері жоғары мәдениетке ие болуы, оларға бар тәжірибені белсенді ендіру қажет, ал ең бастысы әрбір полиция қызметкері міндетті түрде елінің патриоты және еліне адал болуы керек деп басып айтты. Сонымен қатар пленарлық отырыс жұмысына Қазақстанның ҰҰ және ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков, Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаты Абай Тастолатов, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның Басқарма төрағасы, Астана қаласының ІІД кеңес органының төрағасы Абай Байгенжин, Қазақстан Республикасы Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің жетекшісі Тілеген Қаскин, 2004 жылғы бокстан олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев қатысты.

Республикалық слет өткізу барысында жас қызметкерлер Қазақстан Республикасы ІІМ Музейіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейіне және «Нұр Әлем» АҚ ҰК «ЭКСПО 2017» барды. Іс-шараның аяқталуында салтанатты түрде «Қазақ елі» монументінде қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Телефон доверия