Бос лауазымдарға орналасу туралы ХАБАРЛАМА

 Толығырақ

Хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері. Бейсенов оқулары» атты халықаралық қашықтық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Толығырақ....

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі

2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев әрбір қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған әлеуметтік жаңашылдандыру жолындағы жаңа нақты қадам анықталатын «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына Үндеуін жариялады. 

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»;

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»;

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»;

 

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту»;

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».

Елбасының Үндеуін іске асыру аясында қойылған міндеттерді түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі А.М. Сайтбеков Қарағанды академиясының тұрақты құрамының арасында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына Үндеуінің мазмұнын терең баяндау үшін заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі        Д.С. Жақашевтың, жалпы білім беретін пәндер кафедрасының бастығы, тарих ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Х.К. Уразбаевтың және жалпы білім беретін пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының жетекшілігімен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Президент Үндеуінің негізгі бағыттарын таныстыру және түсіндіру бойынша Академияның акт залында күндізгі оқыту факультетінің 1, 2 және 3-курс курсанттарымен кездесу өткізілді. 

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Президенті                         Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін іске асырудың негізгі бағыттары мен мазмұнын күндізгі оқыту факультетінің курсанттарына кураторлық сағаттарда оқу топтарының кураторлары түсіндірді. 

Осыған орай, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуін Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы оқу процесі барысында белсенді түсіндіреді. 

 

 

Телефон доверия