Бос лауазымдарға орналасу туралы ХАБАРЛАМА

 Толығырақ

Хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері. Бейсенов оқулары» атты халықаралық қашықтық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Толығырақ....

Курсанттар Қарағанды облысының ІІД Кинологиялық қызмет орталығына барды

Ішкі істер органдарының негізгі міндеті адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заңды мүдделерін қорғау, қылмыстарды ашу, қылмыстардың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, сонымен қатар қылмыс жасаған тұлғаларды іздеу және ұстау болып табылады.

 

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы полиция генерал-майоры Д.Т.Кенжетаев 2018 жылды әскери қызметтік дайындық жылы деп жариялады. 2018 жылғы 16 ақпанда Академияның КОФ 107-оқу тобы жетекшісі полиция майоры А.А.Бекқожина Қарағанды облысының ІІД Кинологиялық қызмет орталығында іс-шара ұйымдастырып, есірткі құралдарын, жарылғыш заттарды іздестіруде маман-кинологтармен қызметтік-іздестіру иттерін қолдану, қылмыскерлерді ұстау кезінде иіс іздерімен (одорология) жұмыс істеу жөніндегі ақпаратты алу мақсатында Қарағанды облысының ІІД Кинологиялық қызмет орталығына барды.

Аталған орталық бойынша экскурсияны полиция капитаны Әбдірәсімов Айдар Бекболатұлы өткізді. Ол қызметтік міндеттерді орындау кезінде қызметкерлермен қолданылатын құралдар мен тәсілдерді көрсетті. Курсанттар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, оған өмірден алынған мысалдарды келтірумен жауаптар алды. 107-оқу тобының курсанттары жақсы әсерлер алып, танысу экскурсиясын өткізген Кинологиялық қызмет орталығының басшылығына және қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Телефон доверия